Алматының кейбір аудандарында суық су уақытша өшіріледі

Фото: pexels
Алматыда жаңа су құбыры желілерін тарту жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты 19 қыркүйек күні қаланың кейбір аудандарында суық су бір күнге өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы су" мәліметінше, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Түркісіб ауданының Төменгі "Пятилетка" шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар, 19 қыркүйек күні 09:00-ден 17:00-ге дейін суық су мына аумақта ажыратылады:

"Алматы Су" МКК келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және техникалық жұмыстар жүргізу қажеттілігіне байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеді", – делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін 274-66-66 телефонына хабарласуға болады.

9 қыркүйекте санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға ауыз су сапасына қатысты үндеу жасаған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды