Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Фото: Zakon.kz
Бүгін кешке, 17 қыркүйекте, Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка ауылында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар үйдің толығымен ашық жалынға оранғанын анықтаған. Өртті сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылды – олардың бірі 1968 жылы туған әйел, екеуі – 1981 және 1979 жылы туған ер адамдар.

Өрт 40 шаршы метр аумақта өшірілді. Операцияға ТЖД-ның сегіз қызметкері мен үш техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Астаналық әйелден мефедрон тәркіленгенін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады