Астаналық әйелден мефедрон тәркіленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 21:24 Фото: Zakon.kz
Астанада полицейлер қала тұрғынынан мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласында полиция қызметкерлері Сарайшық ауданының прокуратурасымен бірлесіп "Есірткіге қарсы кешенді шаралардың 30 күні" жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі затын заңсыз сақтаған әйелді ұстады.

"Кешкі уақытта аумақты патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары эйфориялық күйде келе жатқан 27 жастағы қызды байқайды. Ол полицияны көрген бойда қашпақ болған. Алайда полиция қызметкерлері қуып жетіп, ұстады",- делінген ақпаратта.

Тексеру кезінде оның күртесінің сол жақ қалтасынан мефедрон есірткі заты табылды. Күдікті есірткіні өз қажеттілігі үшін пайдаланбақ болғанын айтты.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: