Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Нысан спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпфункционалды кешен болмақ. Делегация құрамында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ құрылыс компаниясының өкілдері болды.

Оқу орнының құрылысы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатыр.

"Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы бөлмелер, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Екінші кезең аясында ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимаратын, 1 мың орындық жатақхананы, медициналық-сауықтыру орталығын, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусын және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

"Тексеру қорытындысы бойынша вице-премьер спорт нысанына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен жеткізу желілерін тарту жөнінде тиісті тапсырмалар берді".ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бұған дейін БҚО-да бірнеше көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталғанын хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?