Алматыда туристік қызметтердің рекордтық өсімі тіркелді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша келген туристерді орналастыру саласында көрсетілген қызметтер көлемі 50,1 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6% артық. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады.

Олардың дерегінше, мұндай өсім туризм саласының тұрақты дамып келе жатқанын және Алматыға ішкі әрі халықаралық туристер тарапынан қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді.

Алматының Туризм басқармасы хабарлағандай, қаладағы нөмірлік қоры өткен жылмен салыстырғанда 8% артып, 12 552-ге жеткен. Мегаполисте 377 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Бұл туристер мен іскерлік сапардағы қонақтар үшін де жайлы орналасуға мүмкіндік береді.


"Бүгінде Алматы туристік орталық ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Қаладағы орналастыру орындарының бір мезеттегі сыйымдылығы 22 768 төсек-орын, бұл қонақтарды көбірек қабылдауға жол ашады. Ішкі және шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артқанын байқап отырмыз. Жаңа жобалар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жақсартып, Алматыда демалысты қолжетімді әрі жайлы етеді", – деп атап өтті қалалық туризм басқармасы.

Биыл жыл басынан бері жеке инвестициялар есебінен 34 жаңа туристік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалық қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы бар. Бұл нысандар туристерді жайлы орналастыру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, Алматының халықаралық аренадағы тартымдылығын арттырады.

Бұған қоса, қала әкімдігі жанындағы жобалық кеңсе аясында 6 794 нөмірге арналған 58 қонақ үй құрылысы жобасы мен 35 туристік нысанның жобалау және құрылыс жұмыстары мониторинг жүргізілуде. Бұл көрсеткіштер саланың қарқынды дамуын әрі ұзақ мерзімді әлеуетін көрсетеді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды