Қазақстанға қандай ЖИ-мамандар аса қажет

Фото: freepik
Қазақстанда жасанды интеллектіні кең көлемде енгізуге мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин 2025 жылғы 18 қыркүйекте Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, цифрлық сервистерді дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жоғары білікті кадрларды талап етеді.


"Модельдерді әзірлеу және оқыту үшін Data Scientist пен ML-инженерлер, үлкен көлемдегі деректерді дайындау, сақтау және өңдеу үшін Data Engineer-лер, сондай-ақ алынған инсайттарға сүйеніп шешім қабылдайтын аналитиктер мен деректерді түсіндіру мамандары қажет. Сонымен бірге тәуекелдер мен модельдердің бейтараптығын бақылау үшін ЖИ бойынша этикалық сарапшылар мен аудиторлар да сұранысқа ие," – деді Олжас Анафин.

Вице-министр қазіргі таңда бұл бағыттарда, әсіресе мемлекеттік секторда, өткір кадр тапшылығы барын атап өтті. Бұған себеп – бейінді білім беру бағдарламаларының жоқтығы, кадрлардың жекеменшік секторға және шетелге кетуі, сондай-ақ еңбекақының төмендігі.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі халықаралық комиссия құруды ұсынған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды