ШҚО-да полиция ер адамнан 1 млн теңгенің мефедронын тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Өскемен қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобы облыс прокуратурасымен бірлесіп Алматының 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде одан қара және сары түсті таспамен оралған 33 түйіншек табылды. Ішінде ақ ұнтақ зат болған.

Сараптама нәтижесінде, бұл – жалпы салмағы 42,7 грамм мефедрон екені анықталды. Бұл — 40-тан астам бір реттік дозаның көлеміне тең.

Қара нарықтағы бағасы бір миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта "Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің ауыр зардаптарын еске салады және азаматтарды өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ заңды қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды