Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалды

Фото: pexels
Мәжіліс депутаты Марат Башимов 2025 жылдың 19 қыркүйегінде "Заң және тәртіп: адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері" тақырыбындағы дөңгелек үстел алдында қылмыстық істердің статистикасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Биылғы жылдың басынан бері 141 іс қозғалды. Жезөкшелікке тарту – бөлек, ағза саудасы – бөлек. Бұл тек сатушылар ғана емес, оған медицина қызметкерлері де, басқа да салалар тартылады", – деді Башимов.

Оның айтуынша, қабылданған заңның тиімділігін тек статистика ғана емес, тәжірибе де дәлелдеп отыр.

"Қазір еңбек шартын жасамайтын ұйымдар да жауапкершілікке тартылуда. Бізде ең үлкен мәселе еңбек қатынастарын ресімдеу, жалақы төлеу болатын. Бұл заң осының жүзеге асуына мүмкіндік берді", – деп толықтырды депутат.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың сәуірінде төрт қазақстандық Мьянмада құлдыққа түскені хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған