Павлодар облысында мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Фото: Zakon.kz
Полицияға Павлодар ауданының тұрғыны ауылдан 7 шақырым жердегі мал айдау алаңынан түнгі сағат 02:30-5:00 аралығында төрт бас ірі қара малын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жедел уәкілдер алдын ала сөз байласу арқылы ірі қара малын ұрлап, сойып, сатып жіберген облыстың үш жас тұрғынын анықтап, ұстады.

"Түскен пайда өз қажеттіліктеріне жұмсалған. Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығының басқа да істеріне қатыстылығын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ұсталғандар үйқамаққа алынды", – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 34 фактісі тіркелген.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды