Жетісуда жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тартқандар әшкереленді

Фото: akorda.kz
Жетісу облысында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, жасөспірімдерді тіркелмеген діни ағымға оқыту әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 19 қыркүйекте ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Тексеру кезінде жатақхана ретінде пайдаланылған бөлмелерден шетелдік діни кітаптар мен оқу материалдары табылды. Ұйымдастырушылардың бұрын өздерін қайырымдылық қоры немесе балалар пансионаты ретінде көрсетіп, жасырын сабақтар өткізгені белгілі болды",- делінген ақпаратта.

Айта кетейік, биыл наурыз айында Талдықорған қалалық сотының шешімімен мұндай жалған қайырымдылық ұйымдары мәжбүрлі түрде таратылды.

Тексеру нәтижесінде:

"Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың әрекеттері бойынша тексеру жалғасуда. Нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тарту – заңды өрескел бұзу болып саналатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Бұған дейін елордада полицейлердің ер адамның өмірін құтқарып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік