"Жаңбыр жауып, үсік жүреді". 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан аумағы бойынша ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптикалық болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің тек шығыс өңірлеріне тән. Ал еліміздің қалған аумақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірдің жекелеген аудандарында бұршақ жаууы да мүмкін.

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрса, солтүстігінде қатты жел соғып, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Түнде Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге, атап айтқанда, 2025 жылғы 21-23 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты