БЖЗҚ-дан ұрланған ақшаға 15 элиталық көлік пен қымбат бұйымдар алынған

Сурет: Instagram/afm_rk
Zakon.kz хабарлағандай, 2025 жылғы 22 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Атырау облысында әшкереленген зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару бойынша ауқымды схемаларға қатысты бейнематериал жариялады.

Instagram желісінде жарияланған кадрларда ҚМА БЖЗҚ-дан заңсыз шығарылған ақшаға алынған элиталық автокөліктерді көрсетті.

Олардың ішінде:

ҚМА-ның мәліметінше, 200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы ("Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" – Ред.) шығарылған. Салымшылардың ақшасына күдіктілер 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық автокөлік, брендтік зергерлік бұйымдар, сондай-ақ коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.

Агенттіктің баспасөз қызметі атап өткендей, қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру жалғасуда.

Еске сала кетейік:

11 қыркүйекте қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалана алмайтыны белгілі болды. "Отбасы банкінде" 15 қыркүйектен бастап мұндай өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын нақтылады.

15 қыркүйекте ҚМА жалған стоматологиялық клиникалар арқылы 200 млрд теңгеден астам қаржының БЖЗҚ-дан шығарылғанын мәлімдеді.

Бұл ақшаға 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық автокөлік, брендтік әшекейлер, коммерциялық нысандар, пәтерлер және жер телімдері алынған.

16 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін