Қазақстан Сенаты ЕАЭО Кеден кодексіндегі түзетулерді бекітті

Фото: akorda.kz
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары 2025 жылғы 25 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатор Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, хаттаманың басты мақсаты – соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырған сыртқы электрондық сауданы құқықтық тұрғыда реттеу.

"Аталған хаттама Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мүше мемлекеттері – Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Армения Республикасында ратификацияланғанын атап өткен жөн. Тек Қазақстан ғана бұл рәсімді аяқтамаған еді", – деді депутат.

Хаттамада көзделген негізгі өзгерістер:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетелдік интернет-дүкендерден жеке тұлғаларға келетін тауарлар жеке пайдалануға арналған деп саналады. Олар тек бажсыз әкелу нормасынан (200 еуро немесе 31 кг) асқан жағдайда ғана декларацияланады. Бұл ретте жеке тұлғалар құжаттарды өздері тапсырып, тауар құнының 15%-ы мөлшерінде кедендік төлем төлейді. Ал белгіленген шектеуден аспайтын тауарлар декларацияланбайды және ресми статистикада есепке алынбайды.

Сенат бүгін ратификациялаған хаттамаға сәйкес, электрондық сауда тауарларының толық көлемі міндетті түрде декларацияланатын болады. Бұл шынайы статистика қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар декларацияны оператор да, тауар алушының өзі де өз қалауы бойынша тапсыра алады.

"Бажсыз әкелу нормасынан асқан жағдайда бірыңғай кедендік баж салығы қолданылады. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында мұндай мөлшерлемені 5% деңгейінде белгілеу мәселесі талқылануда. Бұл ретте 200 еуро лимиті сақталады, салмаққа шектеу енгізілмейді", – деп толықтырды сенатор.

Айта кетейік, маусым айында Сенат Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры туралы шартқа өзгерістерді ратификациялаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты