Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда алдағы демалыс күндері Түркістан облысының тауарөндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен Түркістан қаласы қатысады.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің 50-ден астам түрлі өнімі ұсынылады.

Олардың ішінде ет-сүт өнімдері, жеміс-көкөніс пен шұжық түрлері, ұн, жарма, өсімдік және малдың майы және күнделікті тұтынуға қажетті өзге де тауарлар бар.

Жалпы 500 тонна өнім жеткізіледі. Оның ішінде 100 тонна ет өнімі, 250 тонна жеміс-көкөніс, 30 тонна сүт өнімдері және 120 тоннаға жуық өзге де өнімдер.

Жәрмеңке 27-28 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді.

Келушілер фермерлік өнімдерді делдалсыз, өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларының ассортиментімен таныса алады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі