"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылғы 25 қыркүйекте.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресей Федерациясында туған.
Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы – экономист. Қаржы және басқару магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының Петрокоммерц банкінің тұтынушыларды басқару басқармасының менеджері болып бастаған.
2006-2008 жылдары – "Сити" инвестициялық банкінің Лондон, Прага қалаларындағы қаржы департаментінің маманы;
2008-2014 жылдары – "Сити" инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, кіші вице-президенті, вице-президенті;
2014-2015 жылдары – Ұлыбританияның "Сити" инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті;
2015-2017 жылдары – "Қазақстан Ситибанкінің" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті;
2017-2020 жылдары – Ресей Федерациясының "Сити" инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті;
2020-2022 жылдары – "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры;
2022 жылғы ақпан-2023 жылғы қыркүйек аралығында – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
2025 жылдың 28 ақпанынан бастап бүгінге дейін Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.
Еске салайық, мұның алдында Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.