Алматыдағы Манас көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz
29 қыркүйектен 30 қыркүйекке қараған түні Бостандық ауданында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы "Алматы Су" кәсіпорны хабарлады.

Мыңбаев көшесіндегі құбыр желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Манас көшесінде, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы аумақта, 29 қыркүйек сағат 22:00-ден 30 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін қозғалыс шектеледі.

Аталған шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жөндеу жұмыстарын сапалы атқару мақсатында енгізіледі.

Қазіргі уақытта Мыңбаев көшесінде суық су желілерін жаңғырту жалғасып отыр. Жоба ауданның 50 мыңнан астам тұрғынын сенімді әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, қозғалысты шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің және басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" қосымшаларында жарияланады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты