Ақтөбе облысында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды

Фото: Zakon.kz
"Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен полиция қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Шалқар ауданының 47 жастағы тұрғынының үйінде санкцияланған тінту жүргізу кезінде, шаруашылық құрылыс нысандарының бірінен (шатырсыз сарайда) топыраққа отырғызылған 32 бұта табылды.

Сыртқы белгілері бойынша олар есірткі құрамдас өсімдік – қарасораға ұқсас. Сонымен қатар екі бұта пластик ыдыстарға отырғызылған күйде болған.

Қосымша тексеру кезінде, басқа сарай мен тұрғын үйден есірткі затына ұқсас өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған 5 пакет, сондай-ақ қарасора сабақтарына толы 8 қап табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Күдіктінің айтуынша, ол бұл өсімдіктерді жеке тұтыну үшін өсірген. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, ұсталған сәтте ол есірткілік мас күйде болған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 100 келіден астам болатын есірткі құралы — марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз