Қызыл кітаптан кейбір жануарларды шығару көзделіп отыр

Фото: wikimedia/Тимур Жансултан
2025 жылғы 30 қыркүйекте Сенатта өткен дөңгелек үстелде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев еліміздегі жабайы жануарларды қорғауға қатысты жоспарланған өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, республика аумағында омыртқалылардың 835 түрі тіршілік етеді. Оның ішінде: сүтқоректілер – 178 түр, құстар – 489, бауырымен жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, балықтар – 104 және дөңгелекауыздылар – 3 түрі бар. Сондай-ақ шамамен 100 мыңға жуық омыртқасыз жануарлар кездеседі.

"Аңшылық нысандары болып саналатын 35 түр бар, оның ішінде 27 – терісі бағалы, 8 – тұяқтылар, сондай-ақ 59 құс түрі. Қазақстанда сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлардың тізіміне 227 түр енгізілген. Оның 132-сі – омыртқалылар, 96-сы – омыртқасыздар. Қазіргі уақытта Зоология институты дайындаған биологиялық негіздеме бойынша министрлік сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлардың тізімін Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО/МСОП) критерийлеріне сәйкес жаңарту жұмыстарын жүргізуде", – деді Шарбиев.

Атап айтқанда, 21 омыртқасыз жануарды (олардың жойылып кету қаупі жоқ болғандықтан) Қызыл кітаптан шығару, сондай-ақ 6 омыртқасыз жануарды (3 түр скорпион және 3 түр жәндік) және 5 омыртқалы жануарды (2 құс – сақалтай мен қара құмай, 2 кесіртке – Жоңғар және Тянь-Шань ящуркалары, 1 сүтқоректі – қамыстық мысық) қорғаудың ерекше мәртебесін беру үшін енгізу ұсынылуда.

Бұған дейін жануарлар әлемін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме ережелері жаңартылған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты