Қорғаныс министрлігі "сарбазға қорлық" көрсеткен бейнероликке қатысты түсініктеме берді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандықтарға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 30 қыркүйектегі Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек, әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видеоролик тарап кеткен.

Осыған байланысты, министрлік келесідей жайтты мәлімдеді.

"Аталған бейнематериал – "Қырғызфильм" киностудиясы түсірген "Баткен" көркем фильмінің үзіндісі болып табылады және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ".

Сондай-ақ, ведомство роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелгенін қоса айтты.

"БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз". ҚР Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар, министрлік жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бұған дейін Жетісу облысында полиция қызметкерлері қарияға көмектескенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі