"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы: Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматының Орталық стадионында өтіп жатқан "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы тарихи матчқа жанкүйерлер тарапынан ерекше қызығушылық байқалуда. Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік стадион аумағында және кіреберісінде жиналмауды сұрайды. Себебі Абылай хан даңғылы мен Сәтбаев көшесінде адамдардың көптеп шоғырлануы көлік кептелісіне және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Жанкүйерлерге ойын барысын жайлы жағдайда тамашалау ұсынылады: үйде отбасымен бірге немесе қаладағы арнайы ұйымдастырылған тікелей көрсетілім орындарында.

"Бүгінгі матч барлық жанкүйер үшін нағыз футбол мерекесіне айналуға тиіс. Түсіністік пен жауапкершілік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін "Реал Мадрид" футбол клубы Алматының Орталық стадионындағы алаң шөбінің биіктігін қысқартуды сұраған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты