Мбаппе алғашқы голды соқты: "Қайрат" – "Реал" матчының есебі ашылды

Реал Мадрид алғашқы голды соқты: Қайрат – Реал матчының есебі ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 22:14 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматының Орталық стадионында өтіп жатқан тарихи кездесуде "Реал Мадрид" алғашқы болып есеп ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойынның 25-минутында мадридтік клуб қақпаға гол соғып, алға шықты – 0:1.

Матчқа қазақстандық жанкүйерлер зор қызығушылық танытып отыр.

Орталық стадионға жиналған көрермендер өз командаларын барынша қолдап, ерекше атмосфера қалыптастырды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасаған еді. 

Әкімдік стадион аумағында және кіреберісінде жиналмауды сұрады. Себебі Абылай хан даңғылы мен Сәтбаев көшесінде адамдардың көптеп шоғырлануы көлік кептелісіне және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: