Мбаппе "Қайрат" қақпасына екінші голды соғып, дубль жасады

Мбаппе “Қайрат” қақпасына екінші голды соғып, дубль жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 22:55 Сурет: instagram/realmadrid
Алматыдағы Орталық стадионда өтіп жатқан "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчында мадридтік клуб тағы бір гол соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойынның екінші таймында Килиан Мбаппе өзінің екінші голын тіркеп, есепті 0:2-ге жеткізді.

Жанкүйерлер ерекше атмосферада өтіп жатқан ойында "Қайраттың" қарымта шабуылдарын қызу қолдап отыр.

Матч жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасаған еді. 

Әкімдік стадион аумағында және кіреберісінде жиналмауды сұрады. Себебі Абылай хан даңғылы мен Сәтбаев көшесінде адамдардың көптеп шоғырлануы көлік кептелісіне және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: