"Қайрат" – "Реал" матчы: Мбаппе хет-трик жасады
Сурет: instagram.com/realmadrid
Алматыда өтіп жатқан Чемпиондар лигасының ойынында мадридтік "Реал" есепті 0:3-ке жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Килиан Мбаппе 73-минутта үшінші голын соғып, хет-трик авторы атанды.
Бұған дейін ол қазақстандық команданың қақпасын 25 және 52 минуттарда дәл көздеген еді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасаған еді.
Әкімдік стадион аумағында және кіреберісінде жиналмауды сұрады. Себебі Абылай хан даңғылы мен Сәтбаев көшесінде адамдардың көптеп шоғырлануы көлік кептелісіне және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript