"Қайрат" – "Реал" матчы: билет бағалары мен сатылым басталатын күн белгілі болды

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 10:11 Фото: Zakon.kz
Freedom Ticketon сервисі Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Чемпиондар лигасының "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матчына билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де (Қазақстан уақытымен) сатылымға шығады. Оларды Qairat SuperApp, "Қайрат" клубының ресми сайты, Ticketon және Freedom платформалары арқылы сатып алуға болады.

"Қайрат" – "Реал" матчының билет бағалары:

Батыс трибуна:

  • 30 000 теңге — 1-9 секторлар, 1-2 қатарлар
  • 250 000 теңге — 1-17 секторлар (VIP орындар)

Шығыс трибуна:

  • 150 000 теңге — 30-48 секторлар

Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы трибуналар):

  • 75 000 теңге — 18-28 секторлар және 49-60 секторлар

"Қайрат" – "Реал" ойыны 30 қыркүйек, сейсенбі күні өтеді. Басталуы Қазақстан уақыты бойынша – сағат 21:45.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: