"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы: клуб жанкүйерлерге үндеу жасады

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы: жанкүйерлерге үндеу жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 18:12 Сурет: Zakon.kz
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі бүгін, 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтетін тарихи "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы кезінде жанкүйерлерді не күтіп тұрғанын айтып, оларға арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клуб барлық көрерменді матч басталардан 3-4 сағат бұрын стадионға келуге шақырды.

"Бұл стадионға кіреберістегі тексеріс пен бақылаудан өтуге, кезек пен ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектеседі. Билетіңіз бен куәлік деректеріңізді алдын ала дайындап қойыңыздар. Матч 21:45-те басталады. Бізбен бірге бұл тарихи сәттің куәсі болыңыздар!" - делінген "Қайрат" ФК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жанкүйерлер стадион аумағына 17:45-тен бастап кіре алады.

Дәл осы уақытта ойын алдындағы бағдарлама басталады:

  • УЕФА мен клуб серіктестерінің интерактив аймақтары;
  • көңілді барабаншылар шоуы;
  • жанкүйерлерге арналған тегін аквагрим;
  • фудкорттағы дәмді тағамдар мен сусындар;
  • трибунада клуб жалауларын тарату.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: