"Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчына келетін жанкүйерлерге маңызды ақпарат хабарланды
Сурет: Instagram/f.c.kairat
2025 жылдың 30 қыркүйегінде "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі жанкүйерлерге испандық "Реал Мадридпен" өтетін тарихи матч алдында маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жанкүйерлерге УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы 21:45-те басталатыны ескертілді.
"Жанкүйерлерден стадионға ертерек келуге шақырамыз. Сағат 17:45-тен бастап Орталық стадионның қақпалары ашылады. Сол кезде стадион аумағына өте аласыздар. Тексерістен өту үшін билет пен жеке куәлікті алдын ала дайындап қойыңыздар. Неғұрлым ерте кірсеңіздер, соғұрлым бақылаудан тез өтіп, трибунадағы орныңызға отырасыздар",- делінген ақпаратта.
Жанкүйерлер үшін стадион аумағында "Қайрат" ФК мен УЕФА ұйымдастырған арнайы белсенділік өтеді. Футбол мерекесі ойын алғашқы ысқырық болғанға дейін-ақ басталады.
"Барша жанкүйерден стадиондағы тәртіп пен мінез-құлық ережелерін сақтауды өтінеміз. Бұл кештің қауіпсіз әрі достық атмосферада өтуі бәріміз үшін маңызды",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін "Қайрат" құрамасының қорғаушысы "Реалмен" болатын матч туралы пікір білдіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript