Алматы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс: жаңа орынбасар тағайындалды

Сурет: gov.kz
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала әкімінің жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл қызметке Нұрлан Абдрахим келді. Ақпарат әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.

Нұрлан Абдрахим 1980 жылы дүниеге келген. "Қайнар" университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Білімі бойынша – заңгер, сонымен қатар саясаттану мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы "Астанаэнергосервис" АҚ абоненттік учаскесінде бақылаушы болып бастаған. Кейін ҚР Әділет министрлігінде қызмет етіп, жетекші маманнан департамент директоры және Зияткерлік меншік комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарды атқарды.

Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор және бөлім меңгерушісінің орынбасары болған. 2023 жылдың сәуірінен бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, 2025 жылдың тамыз айында Дархан Сатыбалды Алматы әкімі орынбасары лауазымына Президент Әкімшілігінің бұрынғы мемлекеттік инспекторы Алмасхан Сматлаевты тағайындаған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды