Қазақстанда селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережелері өзгерді

Сурет: pixabay
2025 жылғы 25 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа түзетулерге сәйкес, мемлекеттік сынақтардың қорытындысы бойынша тізілімге енгізілетін дақыл сорттары өнімділігі жағынан стандарттан жоғары болуы, негізгі ауруларға төзімділігі кем болмауы немесе пайдалану мақсатын айқындайтын шаруашылық тұрғысынан құнды ерекше белгілері болуы тиіс. Сонымен қатар, олар айқындылық, біртектілік және тұрақтылық критерийлеріне сай келуі қажет.

Бұған қоса, жаңа норма енгізілді: мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша тізілімге енгізілетін буданмен бірге, түпнұсқа иелерімен келісу арқылы оның ата-аналық компоненттері де енгізілетін болды.

Бұйрық 2025 жылғы 12 қазаннан бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды