Алматыда "синтетика" таратумен айналысқан күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматыда полицейлер жедел іс-шара барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігіттің заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Тыйым салынған зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Әрбір есірткі затын анықтап, тәркілеу – азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған нақты қадам.

Полиция "Заң және тәртіп" қағидасын жүйелі түрде жүзеге асырып, жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алуға және тарату арналарының жолын кесуге ерекше мән береді.

Біз есірткі қылмысының кез келген түріне қатаң қарсы тұруды жалғастырамыз, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз