Алматыда суға қатысты ұжымдық шарттардан бас тарту басталды.

Фото: freepik
Алматының тұрғын массивтерінде бұған дейін сумен жабдықтау ТК (тұтынушылар кооперативі) және ПИК (пәтер иелері кооперативі) арқылы жүзеге асырылып келген. Енді кезең-кезеңімен әр үй иесіне жеке шарт рәсімделмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 2 қазанда "Алматы Су" компаниясы мәлімдеді.

Мекеме мамандарының айтуынша, енді әрбір тұрғынға жеке дербес есепшот ашылып, қызметті делдалсыз, тікелей жеткізушіге – қала тарифі бойынша төлеу мүмкіндігі беріледі.

2025 жылы қала бойынша 60-тан астам ұжымдық шарт таратылып, 15 мыңнан астам жеке шарт жасалды.


"Айгерім-1" және "Айгерім-2" ықшамаудандарында жеке шарттар рәсімдеу процесі басталды. Бұған дейін осы ауданға қызмет көрсеткен кооперативтің 70 млн теңгеден астам қарызы жиналып, келісімшарт бұзылған", – делінген "Алматы Су" хабарламасында.

Компания өкілдері егер тұрғындардың шарт жасасуға қатысты сұрақтары болса, Алатау ауданының қызмет көрсету орталығына (Алматы, Чуланов көшесі, 109, Райымбек пен Рысқұлов даңғылдарының аралығы, Бауыржан Момышұлы көшесі бойы) жүгінуге болатынын айтты.

Бұған дейін қала тұрғындарына 2025 жылғы 2 қазанда кейбір тұрғын үйлер мен кешендерде суық су уақытша өшірілетіні ескертілген еді. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды