Қазақстанның тағы бір қаласына қар жауды

Сурет: unsplash
Қазгидрометтің болжамдары тағы да расталды – елдің тағы бір қаласын қар басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қазанда алғашқы қар Таразда және Алматының Медеу ауданында жауған еді. Ал бұдан бұрын, 29 қыркүйекте, Қостанай тұрғындары қалың киімге қоса бас киім мен шарф тағуға мәжбүр болды.

Бүгін, 3 қазанда, әлеуметтік желілерде Өскеменде жауған қалың қардың видеосы жарияланды. Кадрларда қардың жолды толығымен жауып қалғаны байқалады. Роликті жергілікті тұрғындар түсірген.

Өскемендіктер мұндай "табиғат сыйына" таңғалып отыр. Олар биыл қыс мезгілінің ерте келгенін айтады:

Бұған дейін синоптиктер жұма күні Қазақстанның бір бөлігінде қар жауатынын ескерткен болатын.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды