Елордада полиция ірі көлемдегі есірткімен екі күдіктіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Елордада есірткі қылмысына қарсы 30 күндік іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткімен екі ер адамды ұстады.

Полицияның жедел басқару орталығының операторлары гараж маңында екі ер адамның күмәнді әрекетін байқаған. Олар бұталардың арасынан бірдеңе іздеп, кейін Cobalt көлігіне мініп кетпек болған.

Ақпарат жедел түрде жақын маңда жүрген патрульдік полиция экипажына берілді. Көлік тоқтатылған кезде ішінде 22 және 23 жастағы екі азамат болған.

Жеке тінту барысында полицейлер олардың жанынан ақ ұнтақ тәрізді зат салынған 47 орама, жалпы салмағы шамамен 40 грамм, сондай-ақ марихуана салынған бір орама тапты.

Ұсталғандардың бірі өзінің есірткі затын іздеп жүріп, байқаусызда әлдеқайда ірі партияға тап болғанын мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз