Данна Қарағұсова ғарышқа ұшатын алғашқы қазақ әйелі болмақ

Сурет: Instagram/dannakar
Кәсіпкер Данна Қарағұсова – ғарышқа турист ретінде ұшатын Қазақстаннан шыққан алғашқы әйел болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол – бұрынғы Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың қызы. Данна америкалық Blue Origin компаниясының бағдарламасы аясында ұшатын New Shepard суборбиталық кемесінің экипаж құрамына енді. Бұл – аталған кеменің 36-шы рейсі болмақ.

Бұл маңызды оқиға туралы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

Экипаж мүшелері кімдер?

Данна Қарағұсовамен бірге ғарышқа келесі жолаушылар аттанады:

Сурет: blueorigin.com

Blue Origin сайтында Данна Қарағұсова туралы келесі сипаттама берілген:

"Даннаның медиа, дистрибуция және іс-шара ұйымдастыру саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Portals атты мультимодальды экожүйенің теңқұрушысы – бұл цифрлық өзін-өзі реттеу құралдарын ұсынатын, өнер мен ғылымды тоғыстыратын жоба. Визионер әрі тәжірибелі шығармашыл тұлға ретінде ол батыл идеяларды шындыққа айналдырады. Ол өмір бойы альпинизммен айналысып келеді – Килиманджаро мен Эльбрус шыңдарын бағындырған. Бұл оның ішкі қуаты мен төзімділігін көрсетеді. Енді ол ғарышқа көз тігіп отыр – мұны ойын-сауық емес, адам эволюциясының ішкі рухани түрленуі басталып, Жерден тыс жалғасатын шекарасы деп қарайды".

Ал, Данна Қарағұсова өзінің Instagram парақшасында бұл сапарға қатысты былай деп жазды:

"Адамзаттың болашағы – ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді игеру арқылы біз тек технологияны ғана емес, өз мүмкіндіктерімізді де кеңейтеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясы – зерттеу жобасының бір бөлігі және көп жылдан бері армандап жүрген мақсатқа қадам". Данна Қарағұсова

Оның жазбасындағы пікірге қолдау білдіріп, шабыт алғанын жазып жатқандар көп. Желі қолданушылары оның батылдығына таңданыс білдіріп, жақсы тілектер айтуда.

Тіпті, Даннаның бұрынғы күйеуі, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков те Stories-те жолаушылармен бірге түскен суретті жариялап, келесі жазбаны қалдырды:

"Менің бұрынғы әйелім ғарышқа ұшып барады".

Сурет: Instagram/stories/alibekovkz

Бұған дейін Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан сүрілгенін жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды