Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан сүрілді

Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан сүрілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 15:56 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда кезекті нысан сүрілді. Кеше Мақатаев көшесі, 4а мекенжайда орналасқан Taiyaki coffee дәмханасы сүрілді, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесінің (жеке тұлға) нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз тұрғызғаны белгілі болды.

Меншік иесіне нысанды бұзу жөнінде нұсқама берілді әрі әкімшілік шаралар қабылданды.

Биыл 29 қыркүйекте меншік иесі басқарма ұйғарымының талаптарын орындау үшін заңсыз құрылысты сүрді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: