Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді
Басқарма жүргізген жоспардан тыс тексеру көрсеткендей, меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салуға кіріскен.
Меншік иесіне қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, 316-бап 1-бап бойынша әкімшілік шара қабылданды.
2023 жылы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылы 22 қыркүйектегі сот шешімімен бұзу туралы талап қанағаттандырылды.
Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті.
Естеріңізге сала кетейік , Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара бұзылды, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Граф", "Алма Гарден" ТҮК және т.б. бар.