Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүрілді

Алматыдағы Кіші Абай көшесі, 190 мекенжайда орналасқан нысан сүрілетін болды, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 16:11 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Кіші Абай көшесі, 190 мекенжайда орналасқан нысан сүрілетін болды, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) еш рұқсат құжаттарынсыз, нысанды заңсыз салғаны нықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 22 қарашада нысанды бұзу жөнінде шешім шығарған еді. Кейін ұзаққа созылған сот талқылаулары болды.

Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы нысанды бұзу жөніндегі шешім өзгеріссіз қалды.

Нысан бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: