Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары сүрілді

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы соттың шешімімен Вильямс көшесі, 73 мекенжайындағы ірі қосымша құрылыстың бұзылғанын хабарлайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 17:02 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы соттың шешімімен Вильямс көшесі, 73 мекенжайындағы ірі қосымша құрылыстың бұзылғанын хабарлайды.

Бұрын басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттаманың және сараптама қорытындысының, авторлық және техникалық қадағалаулардың болмауына байланысты әкімшілік шаралар қабылдаған болатын.

Тексеру барысында меншік иесі экономикалық әдіспен мансарда мен коммерциялық үй-жай салғаны анықталды.

Меншік иесі жіберілген бұзушылықтарды жоюға берілген нұсқаманы орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бұзуға талап арыз берді.

Осы жылдың 7 наурызында соттың шешімімен басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.

Меншік иесі нысанды сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұзды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 45 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және т.б. толық немесе жартылай бұзылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: