Жауын, қар және үсік: синоптиктер 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" 2025 жылғы 5 қазанға арналған еліміз бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Батыста, солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау және Қостанай облыстарының жекелеген өңірлерінде өрт қаупі жоғары болады деп болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Алматыдағы бір аптаға арналған ауа райына болжамын ұсынған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі