Алматыда қар аралас жаңбыр және -2°С дейін үсік күтіледі: алдағы аптаға ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz-ке алдағы күндерге арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" мәліметінше, келесі аптада оңтүстік астанада жауын-шашын, оның ішінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар қалада үсік жүру қаупі бар, бірақ күндізгі температура 11-18°С шамасында болады.
"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаеваның айтуынша, алдағы күндері қалада айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Алайда болжам бойынша 9-10 қазан күндері жаңбыр жаууы ықтимал.
"Сонымен қатар, Алматы маңындағы таулы аймақтарда аралас жауын-шашын – жаңбырдың қарға ауысуы күтіледі. Алдағы апта ішінде ауа температурасы сәл көтеріледі: түнде 0…+5°С-тан +3…+8°С-қа дейін, күндіз +10…+15°С-тан +12…+17°С-қа дейін жылы болады", - деді жетекші инженер-синоптик Баян Қанаева.
Маманның айтуынша, тек 6 қазан күні түнде ауа температурасы 0…+2°С дейін төмендеп, топырақ бетінде -2°С дейін үсік күтіледі.
Алматы қаласы бойынша 2025 жылғы 4–10 қазан аралығындағы ауа райы болжамы:
- 4 қазан: ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +16…+18°С.
- 5 қазан: ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +13…+15°С.
- 6 қазан: ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Түнде 0…+2°С, топырақта үсік -2°С, күндіз +11…+13°С.
- 7 қазан: ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік бағытта, 2-7 м/с. Түнде +2…+4°С, күндіз +13…+15°С.
- 8-9 қазан: ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Түнде +6…+8°С, күндіз +15…+17°С.
- 10 қазан: ауыспалы бұлт, кей жерлерде жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Түнде +6…+8°С, күндіз +15…+17°С.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript