Алматы жолдарында жылжымалы экологиялық зертханалар көліктерді тексеруде: жаппай айыппұл салына бастады

Сурет: pixabay
Алматы қаласында Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі мен "ЭКО Алматы" ЖШС мамандары автокөлік шығарындыларын бақылау бойынша рейдтер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4–5 қазан күндері жылжымалы экологиялық зертхана көмегімен заманауи газоанализаторлар мен түтінөлшегіштер арқылы көліктердің шығарындылары тексерілді.

Барлығы 131 көлік қаралды. Нәтижесінде 21 жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы бойынша – рұқсат етілген ластаушы заттар көлемін асырғаны үшін – әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы агломерациясында атмосфераға тарайтын ластаушы заттардың мөлшерін анықтау бойынша зерттеу жүргізілген. Жалпы жүктеме 225 мың тоннадан асқан, оның 189 мың тоннасы Алматы қаласына тиесілі. Ластанудың шамамен 60%-ын автокөлік көлігі құрайды.

Айта кетсек, 2025 жылы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, енді артық шығарындылар үшін ескерту беру тәртібі алынып тасталды. Оның орнына айыппұлдар енгізілді:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды