ШҚО-да марихуана өсірген күдікті қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
ШҚО-да полицейлер мен облыстық прокуратура Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғынын есірткіні заңсыз сақтап, өсірді деген күдікпен ұстады.

Тәртіп сақшылары жедел тінту барысында күдіктінің үйінің аумағынан өзіне тән иісі бар өсімдік бұталарын аңғарған.

Сонымен қатар шыны банка мен кептірілген өсімдік салынған қап, металл табақшалар мен ыдыс-аяқ табылды.

Сондай-ақ өсімдіктер салынған кептіргіш машина тәркіленді.

Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екенін анықтады. Психотроптық заттың салмағы 4 келіні құрады.

Бұған қоса, сарапшылар 1,2 келіні құрайтын каннабис ретінде таныған өсімдік бұтасын анықтады. Аталған фактілер бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы