Батыс Қазақстан облысы республикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынға шықты

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел экономикасына инвестиция тарту – өңірлердің дамуы мен жаңа өндірістерді іске қосудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта БҚО-да жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы мен экономикалық қуатын арттырудың басты тетігі ретінде инвестиция тартуға ерекше назар аударған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында да жүйелі әрі нақты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Облыс аумағында инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы мен Чехия мемлекетінің ірі компанияларымен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында нақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар инвестициялық келісімшарттарға қол қойылуда.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл – өңірдің халықаралық деңгейде сенімді серіктес ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді.

Нәтижесінде, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1093 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артты.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада 3-орында тұр.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы алғанда, инвестиция тарту бағытындағы бұл жетістіктер өңір экономикасының өсімін қамтамасыз етіп, жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына зор серпін беріп отыр.

Қазақстан
Қытай
Атырау
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев