9 өңірдің тұрғыны 1,5 млн теңге көлемінде бизнес-грант ала алады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 20 қазаннан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттар бойынша өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, үнемделген қаражат есебінен Абай, Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында барлығы 270 грант беру жоспарланып отыр.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі және олардың негізгі мақсаты – азаматтарға өз ісін бастауға немесе бар бизнесін дамытуға мүмкіндік беру.

Бір гранттың мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішке (1 572 800 теңге) тең. Әр қатысушы бұл қолдауды тек бір рет ала алады.

Өтінім беру қалай жүргізіледі

Грантқа үміткерлер Business.enbek.kz порталында тіркеліп, қажетті құжаттарды электрондық форматта жүктеуі керек.

Олар:

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар өтінімдерін мансап орталықтарында немесе ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында бере алады.

Кімдер қатыса алады

Грант алуға тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі үш жылға дейін) үміткер бола алады.

Сонымен қатар төмендегі әлеуметтік топтарға басымдық беріледі:

Грант алу үшін үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығанын растайтын үш жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы қажет.

Қаражат неге жұмсалады

Грант қаржысы:

Ал бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға, несиені өтеуге, жер телімін алуға немесе акцизделетін өнім өндіруге жұмсауға тыйым салынады.

Комиссия шешімі электронды түрде хабарланады

Өтінімдер Еңбек мобильділігі орталықтарының аудандық және қалалық комиссияларында қаралады. Үміткер өз бизнес-жобасын комиссия мүшелеріне таныстырып, оның тиімділігі мен өміршеңдігін дәлелдеуі тиіс.

Бағалау барысында бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылығы және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті ескеріледі.

Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Оң шешім қабылданған жағдайда, қатысушы электрондық түрде шартқа қол қойып, тоқсан сайын грант қаражатының жұмсалуы туралы есеп тапсырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды