Атырауда Жұмекен Нәжімеденов туралы "Ұлт ұраны және Ұлы ақын" атты кітаптың тұсаукесері өтті

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда ақиық ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына орай бірқатар мәдени іс-шаралар өтуде.

Апталық аясында зиялы қауым өкілдері ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде "Жұмекен жырлары – ғасыр үні" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және ақын Алмас Ахметбекұлының "Ұлт ұраны және Ұлы ақын" атты кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Гүл қою рәсіміне зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Ал конференцияға еліміздің танымал ақын-жазушылары, ғалымдар, жұмекентанушылар мен қоғам қайраткерлері жиналды. Пленарлық мәжілісті Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Конференцияның ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және мемлекет және қоғам қайраткері Сәрсенбай Еңсегенов сөз сөйлеп, ақын мұрасының ұлттық руханияттағы маңызын атап өтті.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Келелі жиын барысында ақынның қызы Қарлығаш Нәжімеденова әкесінің адами қасиеттері мен шығармашылығына тоқталды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Әкем қазақ және әлем әдебиетін терең білетін. Маған оның "Кішкентай", "Даңқ пен дақпырт", "Ақшағыл" романдары ерекше ұнайды. Бұл шығармаларды оқығанда әкемнің бейнесі көз алдыма келеді. Онда соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдер суреттелген. Егер осы романдар желісімен сериал түсірілсе, тамаша туынды болар еді", – деді Қарлығаш Нәжімеденова.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар сыншы, публицист Амангелді Кеңшілікұлы, профессор, жұмекентанушы Қадір Жүсіп, ақын Светқали Нұржан және басқа да қатысушылар өз баяндамаларында Жұмекен поэзиясының ұлттық рухани кеңістіктегі орны мен көркемдік ерекшеліктерін талдады.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты