Астанада ауқымды жалпы қалалық сенбілік басталды

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты кең ауқымды экологиялық акция аясында 11 қазанда таңертең елордада жалпы қалалық сенбілік басталды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафе, мейрамханалар және басқалар), волонтерлер, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ ПИК (МИБ) өкілдері және басқа да ұйымдар қатысып жатыр.

Экоакция аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазалау, нөсер және арық жүйелерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жинау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды тазалау, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және басқа да шаралар өтуде.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Қала тұрғындары елорданың тазалығы мен тәртібін сақтау ісіне белсенді атсалысып жатыр. Тұрғындар аула болып бірігіп, өз аудандарында тазалық жүргізіп жатыр.

"Ұжым болып, дүкеніміздің маңайындағы аумақты тазалауға шықтық: тротуарларды, автотұрақты, гүлзарлар мен көгалдарды қоқыстан, қурағае бұтақтар мен жапырақтардан тазарттық. Мұндай акциялар тек тазалық орнатуға ғана емес, сонымен қатар бизнестің айналасында жайлылықты қалыптастыруға көмектеседі, бұл жерде әрі клиенттерге, әрі қызметкерлерге жағымды болмақ", — деді акция қатысушыларының бірі, дүкен иесі.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Ауқымды тазалық жұмысы аясында елорданың барлық алты ауданында ағаш отырғызылды.

"Бүгін біз достарымызбен бірге өзіміздің алғашқы ағашымызды отырғыздық, бұл жай ғана сенбілікке қатысудан әлдеқайда әсерлі екен. Адам өз қолымен отырғызған ағаштың қаламен бірге өсетінін ойлаудың өзі ерекше сезім. Біз экология мен тазалық туралы жиі айтамыз, ал бүгін осы бағытта нақты қадам жасап отырмыз", – деп әсерін жеткізді ЖОО студенті.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты