Қазақстанда донорлық ағзаларды сақтауға арналған құрылғы әзірленді

Фото: pexels
Қазақстандық ғалымдар донорлық ағзалардың өміршеңдігін 24 сағаттан астам уақыт сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық құрылғы жасап шығарды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық туризмді дамыту жөніндегі халықаралық конференцияда айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан медицинасы бүгінде Орталық Азия өңірінде көш бастап тұр. Елде бірқатар заманауи медициналық технологиялар енгізілуде — соның ішінде протонды терапия, гамма-пышақ, робот-ассистенттік және қашықтан жасалатын хирургия, нейромодуляция, сондай-ақ кванттық оптика негізіндегі офтальмологиялық диагностика әдістері бар.


"Қазақстандық мамандар әзірлеген ALEM (ӘЛЕМ) атты инновациялық құрылғы донорлық ағзалардың өміршеңдігін 24 сағаттан астам уақыт бойы сақтауға мүмкіндік береді. 2025 жылы бұл құрылғы Токиода өткен EXPO халықаралық көрмесінде таныстырылып, әлемдік сарапшылардың жоғары бағасын алды", – деді Ақмарал Әлназарова.

Министр атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстан халқы жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түріне дейін қол жеткізе алады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елімізде медицина саласына бөлінетін қаржы көлемі соңғы жылдары үш есеге артқанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды