Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ

Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кенесбаев 2025 жылғы 13 қазанда ІІМ кулуарында жүргізуші куәліктерін беру тәртібіне қатысты өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жүргізуші куәліктерінің дизайны өзгермейді.

"Ұлттық жүргізуші куәліктері Жол қозғалысы туралы конвенция талаптарына толық сәйкес келеді. Қазір тек куәліктегі чипті алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл әзірге жоба күйінде, алайда оны 2026 жылдың бірінші–екінші тоқсанында енгізуді жоспарлап отырмыз", – деді Әлібек Кенесбаев.

Ол сондай-ақ бұрын берілген жүргізуші куәліктер өз күшінде қала беретінін атап өтті. Тек ауыстыру кезінде жаңа форматтағы құжаттар беріледі.

Сонымен қатар, спикер өзгерістердің мемлекеттік баж салығына әсер етпейтінін айтты.

"Жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж салығы Салық кодексімен белгіленген. Ол өзгеріссіз қалады. Бұл төлем тек құжатты рәсімдеу процесіне байланысты алынады", – деді Кенесбаев.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 15 қыркүйекте ІІМ орынбасары Игорь Лепеха жүргізуші куәлігін алу емтиханын қатаңдату мүмкіндігі туралы пікір білдірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы - 2026

Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады