1,5 млн теңгеге дейінгі грант: қанша қазақстандық өз ісін бастауға қаржы алды

Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 1 қазанға дейін халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның дерегінше, биыл 269,1 мың адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылып, 607,3 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасқан.

Соның ішінде 153,6 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған.

Атап айтқанда:

Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 53 мың жұмыссыз онлайн-оқудан өткен, олардың 49,1 мыңы курсты аяқтап, сертификат алған.

"Бастау Бизнес" жобасы аясында 45,6 мың адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерсе, олардың 25,9 мыңы оқуды аяқтаған. Ал жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 8 075 адам кәсіби оқудан өтіп, оның 1 065-і тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бұдан бөлек, 304,3 мың азамат карьералық орталықтарда кәсіби бағдар мен кеңес алған.

Министрліктің мәліметінше, еңбекке орналасқан азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналарының төленуі олардың жұмыспен қамтылғанын растайды.

2025 жылғы 1 қазанға дейін жұмыспен қамтылғандардың құрылымы төмендегідей:

Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін биыл 400 АЕК-ке дейінгі (1 572 800 теңге) көлемде 9 мың грант бөлу көзделген.

2025 жылғы 1 қазанға дейін республика бойынша 8 964 грант берілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы