Қазақстандықтардың қай санаты жұмысынан айрылған жағдайда мемлекеттен әлеуметтік төлем ала алады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 15 қазанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар жайлы жаңа статистиканы келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адамға жетті. Бұл ретте биыл 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады",- делінген ақпаратта.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

Сонымен қатар, бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Министрлік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналғанын еске салды.

Бұған дейін Қазақстанда импортқа қосымша акциз салынатын тауарлар тізімі өзгергенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды