Алматы әкімі мердігерлерді мерзім мен сапаны бұзғаны үшін сынға алды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандар, жол инфрақұрылымы мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту жобаларына қатысып жүрген мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қала бойынша жүзеге асырылып жатқан 147 жобаның орындалу барысына аралық қорытынды жасалды. Оның ішінде 26 нысанда мерзім сақталмаған немесе сапа талаптары бұзылған.

Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Олжас Төлебаевтың айтуынша, мониторинг нәтижесінде тоғыз мердігер үнемі келісімшарт мерзімін бұзып, құрылыс нормаларын сақтамайтыны анықталған. Олардың жұмысы жобадан ауытқу, ұйымдастыру деңгейінің төмендігі және құжат жүргізудегі салғырттықпен ерекшеленеді.

Дархан Сатыбалды мердігерлердің немқұрайлылығы қала тұрғындарының наразылығын тудырып отырғанын атап өтті.

"Кейбір компаниялар бір нысанды бітірмей жатып, жаңасын қолға алады. Мұндай тәжірибеге жол беруге болмайды. Егер мердігер міндетін тиісті деңгейде орындамаса, оның қала жобаларында жұмыс істеуіне жол берілмейді", – деді әкім.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі Қала құрылысын бақылау басқармасына әр апта сайын нысандарды қадағалап отыруды, жауапсыз мердігерлердің лицензиясынан айыруды және қажет болған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуді тапсырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды